Маңызды ақпарат

Құрметті пайдаланушылар, сайттың жаңартылуына байланысты жаңа сайтқа қайта тіркелуіңізді сұраймыз.

Сайттың ескі нұсқасы

Статистика

25 пайдаланушы
сайтқа бүгін кіргендер
Кіргендер
6396 пайдаланушы
барлық уақытта сайтқа тіркелді
62 өтінім
бүгін берілді
Басты парақ /Ізденуші жаднамасы

Ізденуші жаднамасы

Құрметті кандидат!

Бүгін «ҚазМұнайГаз» Қазақстандағы мұнай өндірудің 25 пайызын, мұнай тасымалдаудың 80 пайызын, газ тасымалдаудың барлық көлемін, сондай-ақ мұнай өңдеудің 75 пайызын қамтамасыз ете отырып, елдің мұнай-газ секторында жетекші орынға ие.

ҚМГ компаниялар тобының жетістіктері – бұл барлық еңбек ұжымы жұмысының нәтижесі. Әрбір қызметкер ортақ іс – жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті интергациялнған мұнай компаниясын құруға өз үлесін қосуда. Біздің ұзақ мерзімді стратегиялық міндетіміз – мұнай қоры мен өндіру деңгейі жағынан 30 аса ірі мұнай-газ компаниясының қатарына ену.

Бұған тек жоғары дәрежедегі ниеттес, кәсіби мамандардың мықты, ұйыған, командасының арқасында ғана қол жеткізуге болады, Сізде солардың бірі бола аласыз!   «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бос әкімшілік лауазымдарына арналған конкурсқа қатысу үшін ең өршіл және өз-өзіне сенімді кәсіпқой мамандарды шақырамыз!

Біздің компаниямызда әрбір қызметкер өзін үлкен және тату отбасының  бір мүшесі ретінде сезінеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында Сізбен өз білімімен және тәжірибесімен әрқашан бөлісуге дайын тұратын саланың ең үздік мамандарымен иық тіресе жұмыс істейсіз.

Біз өз кезегімізде компанияның тиімділігін арттыруға бағытталған Сіздің бастамаларыңыз бен ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та жаңа достар табуыңызға, тәжірибе алуға және Қазақстанның игілігі жолдындағы еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тілектеспін.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті (Басқарма төрағасы)  

Сауат Мухаметбайұлы Мыңбаев