Маңызды ақпарат

Құрметті пайдаланушылар, сайттың жаңартылуына байланысты жаңа сайтқа қайта тіркелуіңізді сұраймыз.

Сайттың ескі нұсқасы

Статистика

25 пайдаланушы
сайтқа бүгін кіргендер
Кіргендер
6396 пайдаланушы
барлық уақытта сайтқа тіркелді
62 өтінім
бүгін берілді
Басты парақ /Компания туралы

Компания туралы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (ҚМГ) – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекет мүдделерін білдіретін, көмірсутегілерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық оператор.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы Жарлығы негізінде «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясын және «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясын біріктіру жолымен құрылған. ҚМГ акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі. ҚМГ акцияларының 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы көмірсутегілерді барлау мен өндіру, оларды тасымалдау мен өндеуден бастап мамандандырылған сервистік қызметтерді көрсетуге дейін толық өндірістік циклді жүзеге асыратын вертикальді интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады.

ҚМГ өз алдына ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысуынан Қазақстан Республикасы үшін барынша көп пайда алу мақсатын қояды.

ҚМГ компанияларының тобына 220 компания кіреді. «ҚазМұнайГаз» Қазақстандағы мұнай және газ конденсатын өндіру нарығының төрттен бір бөлігін алады, сондай-ақ ел ішінде мұнай өңдеуде, мұнай мен табиғи газды құбырмен тасымалдауда басым орын алады.

Бүгінгі күнде «ҚазМұнайГаз» тобының ең ірі компаниялары мыналар:

  • «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (мұнай мен газды барлау және өндіру)
  • «ҚазТрансОйл» АҚ (мұнай тасымалдау)
  • «ҚазТрансГаз» АҚ (газ тасымалдау және өткізу)
  • «ҚазМұнайТеңіз» АҚ (теңіз мұнай операциялары)
  • ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ (ішкі және халықаралық нарықтарда мұнай және мұнай өнімдерін сату)
  • KMG International N.V. (Румынияда және Қара теңіз бес Жерорта теңіз бассейндерінің елдерінде мұнай өңдеу, мұнай және мұнай өнімдерінің маркетингі).

Қазақстан әлемдегі дәлелденген мұнай мен газ конденсатының қорлары бойынша 12-ші, табиғи газ қорлары бойынша – 22-ші және мұнай мен газ өндіру бойынша – 17-ші орынды алады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстанда жалпы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемінің 28%, табиғи және ілеспе газ өндіру көлемінің – 16% өндіреді, магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдаудың 65%, Ақтау портынан мұнайды танкерлермен тасымалдаудың 77%, сондай-ақ магистральдық газ құбырларымен табиғи газды тасымалдаудың 95% қамтамасыз етеді, қазақстандық мұнайдың 82% қайта өңдейді және мұнай өнімдерінің бөлшек сауда нарығында 17% үлесті алады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 90 мың адамнан астам персонал санымен ірі жұмыс берушілердің қатарына жатады.